Жәннатқа жетелейтін дұғаны білесіз бе?

23 қараша 2020 9689 0
Оқу режимі

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл дұғаны: «Сәйидуль истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі), – деп атаған.  Өйткені, бұл дұға – құлдарының тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған. Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады»,[1] − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

 اللّهـمَّ أَنْتَ رَبِّـي لاَ إلهَ إلاَّ أَنْتَ ، خَلَقْتَنـي وَأَنا عَبْـدُكَ ، وَأَنَا عَلـىَ عَهْـدِكَ وَوَعْـدِكَ ماَ اسْتَـطَعْـتُ ، أَعُـوذُبِكَ مِنْ شَـرِّ مَا صَنَـعْتُ ، أَبُـوءُ لَـكَ بِنِعْـمَتِـكَ عَلَـيَّ وَأَبُـوءُ لَـكَ بِذَنْـبِي فَاغْفـِرْ لِي فَإِنَّـهُ لَا يَغْـفِرُ الذُّنُـوبَ إِلاَّ أَنْتَ 

Оқылуы:

Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим

Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

Мағынасы:

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!

Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.

 


[1] Сахих Бұхари, да’ауат 5831; Сунәну Нәсәи, исти’аза 5427; Сунәну Ахмәд, Муснәду әш-шәмиин 16488

Пікірлер Кіру