Жәукен Боранбай Алдабергенұлы

20 желтоқсан 2018 3275 0
Оқу режимі

1998 жылы 14-ақпанда Қостанай облысы, Торғай Алқабы, Науырызым ауданында дүниеге келген. Қостанай қаласында орта кәсіптік оқу орнын 2018 жылы тәмамдаған. Қазіргі таңда Ақмола облысы, Қосшы ауылындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау Орталығында білім алуда.

Сағындым РасулАлла өзіңізді...

Бисмиллә деп бастайын арынды істі, 
Жүрегім Бір Аллаға бағынышты.
Жүрек жарды жырыммен жеткізейін, 
Пайғамбарым Мұхаммедке сағынышты. 

Пайғамбарым Мұхаммед діннен терген,
Адамзатты түңілген түрлендірген. 
Көркем мінез сабырлық хикметпен,
Сусағанға суатты нұрмен берген. 

Пайғамбарға қасиет дара тұнған, 
Дара тұлғаң тек Аллаға қаратылған.
Барлық ғалам тұрғанда жаратылмай, 
Нәби нұры ең алғаш жаратылған.

Сары алтын сүбелі сөзің ізгі, 
Сол сөзіңен баурады төзім бізді. 
Сағыныштың уыты сарсаң салып,
РасулАлла сағындым өзіңізді. 

Салмақтылық салынған сағыр үнді,
Қалың үмбет қастерлер қадіріңді.  
Бетегемен, биікте бір қалыпты, 
РасулАлла сағындым сабырыңды. 

Мединемен Меккеде мың езілді, 
Дүниеге дәріптеп дін сезімді. 
Байыппенен бірлескен биязылық, 
РасулуАлла сағындым мінезіңді. 

Жадыраған жайнаған жауқазынды,
Бес уақытпен бекіттің таң жазыңды. 
Құлшылықта құрғатқан көздің жасын, 
РасулАлла сағындым намазыңды. 

Кербезденіп көңілге кие тұнды,
ХабибіАлла үмбетін сүйетінді.
Үмбетім деп үкілеп үміт артқан, 
Расул Алла сағындым ниетіңді.

Шарапатпен шақырған елге дінді,
Жақындатқан жан едің жерге күнді. 
Жарқыраған жақұттай жүзің нұрлы,
РасулАлла сағындым келбетіңді. 

Тұғырланған Тәңірден тұспа таңы,
Мүміндердің әмірі, ұста, ханы. 
Жүрегімнің жайғасқан жан төріне,
Сағындым мен Мұхаммед Мұстафаны. 

Жүректерде  иманмен гүл көктеді,
Ораындалса Нәбидің сүннеттері. 
Пайғамбардан үлгіні алайықшы,
Пайғамбардың құрметті үмбеттері. 

Қяметте шапғатшы - Бір Мұхаммед, 
Аллаға жақын болған - Құл Мұхаммед. 
Барлық үмбет өзіңді сағынады,
Алланың нұры болған - Нұр Мұхаммед. 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру