ЗИНАҒА ЖАҚЫНДАМАҢДАР...

06 желтоқсан 2023 2644 0
Оқу режимі

Зинақорлық- дінде  үлкен күнә, қоғамда қып-қызыл ұят, түптеп келгенде заң жүзінде де қылмыс болып есептеледі. Зинаның зардабы жасаған кісінің тек қана өзіне емес, отбасына, ұрпағына да зор болары сөзсіз. Сол себептен де Аллаһ тағала бұл жиіркенішті істен құлдарының аулақ болуын қасиетті Құран кәрімде баян еткен:

 

وَلاَ تَقْرَبُواْ الزِّنَى إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاء سَبِيلاً

«Зинаға жақындамаңдар. Расында ол – азғындық және жаман жол».

Зинақорлық – мүміннің сипаты емес. Оны жасаған адам жазаға жолығады, қияметте де қатты азапталады. Бұл жайында Құдай Тағала қасиетті Құранда былай дейді. 

وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ وَمَن يَفْعَلْ ذَلِكَ يَلْقَ أَثَاماً * يُضَاعَفْ لَهُ الْعَذَابُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَيَخْلُدْ فِيهِ مُهَاناً * إِلَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ عَمَلاً صَالِحاً فَأُوْلَئِكَ يُبَدِّلُ اللَّهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ وَكَانَ اللَّهُ غَفُوراً رَّحِيماً

«Олар (мүміндер) Алламен бірге басқа құдай шақырмайды, хұқтары болмаса Алла тыйымына қарсы кісі өлтірмейді әрі зинақорлыққа да бармайды. Ал кім соларды істесе ол жазаға жолығады. Қиямет күні оған деген азап еселене түседі де, ол сонда қор болған күйде мәңгілікке қалады. Алайда кімде-кім тәубе қылып, иман келтіріп және ізгі іс істесе, міне солардың жамандықтарын Алла жақсылықтармен алмастырады. Шынында да Алла өте кешірімді әрі аса рахымды». 

Өкінішке орай заманымызда, Батыстың бұлыңғыр саясатың салдарынан, бұл шариғатымызға қарсы келетін іс жастарымыздың арасында белең алуда. Айбарлы ұлдарымызбен, моншақты қыздарымыздың емін еркін етене араласуы зинақорлықтың формалдық тұрғыдан көрінуіне себеп болып жатыр.  Оған қоса зинаның салдарынан көкек аналармен, өз баласының өмірін қиюшылардың саны артуда.  Әрине бұл тек қана дінімізде емес, салт-дүстүрімізде де құпталынбайды. Сөзімізге дәлел ата-бабамыздың қызды қырық үйден тыйғаны.

Осыншама бұл күнәнің зардаптарын айта отырып, Алла Тағаланың жоғарыда келтген аятта не үшін «зина жасамаңдар» деп емес, «зинаға (оған апаратын жолдарға) жоламаңдар» деп бұйырғанын түсінуге болады.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбар (ﷺ) былай дейді: «Пенде зина жасағанда одан иман шығып кетеді де (оның үстінде) шатыр сияқты болып тұрады. Ал одан (зинадан) ажырағанда, (яғни, мүлде тыйылғанда) оған иман қайтып келеді».

Бұл жайында мынадай хадистер бар:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:» لَا يَزْنِي الزَّانِي حِينَ يَزْنِي وَهُوَ مُؤْمِنٌ، وَلَا يَسْرِقُ السَّارِقُ حِينَ يَسْرِقُ وَهُوَ مُؤْمِنٌ، وَلَا يَشْرَبُ الْخَمْرَ حِينَ يَشْرَبُهَا وَهُوَ مُؤْمِنٌ«. رَوَاهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُد وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ.

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадис-шарифте Алланың ақырғы Елшісі (ﷺ) былай дейді: «Зинақор зина жасағанда иманды емес, ұрлықшы ұрлық істеп жатқанда иманды емес, арақ ішуші арақ ішіп жатқан кезде иманды емес». Нәсәи риуаятында бұл күнәларды істеген мұсылман мойнынан Ислам дінінің жібін алып тастағандай болатыны, егер күнәні қайталамайтындай болып шынай тәубе жасаса ғана Алла оны кешіретіндігі жайлы айтылады.

Алла Тағала қашан бізді бір істен тыйса ол нәрседе біз үшін зиян бар, тыйғанынан бас тартсақ үлкен жеңіскке жетеріміз анық.  Алла тағала еліміздің жарқын болашағы үшін сауапты істер жасауымызды бізге нәсіп етсін!!!

 

Абутәліп Жасұлан

«Ырыскелді қажы» мешітінің наиб имамы

 

 

 

Пікірлер Кіру