Балахмет Мұртаза Ертайұлы

1996 жылы 24 маусымда Қостанай облысы, Науырызым ауданында дүниеге келген.

БІЛІМІ ЖОЛЫ:

* 2012 жылы Қостанай қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №24 гимназия мектебін бітірген.
* 2012-2016 жылдары Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы педагогикалық университетін тәмәмдаған.
* 2017 жылы «Қауам ад-дин әль-Итқани әль-Фараби әт-Түркістани» Республикалық Қарилар дайындау орталығының түлегі.
* 2019-2021 жылдары Стамбул қаласында «Әд-дияр Әш-шами» медресесінде Асым қырағаты Шуғба және Хафс риуаяты бойынша ижаза алды.

Малайзия, Индонезия, Түркия, Ресей, Қырғызстан халықаралық Құран жарыстарына қатысқан.

2012 жылдан бастап еліміздің мешіттерінде рамазан айында Құран хатым өтіп, тарауих намаздарында өткізіп келеді. 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2021 жылы 18 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы қызметін атқарып келеді.