2023: ҮЗДІК АУДАН ЖӘНЕ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

23 қараша 2023 1518 0
Оқу режимі

Жыл басында ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және Ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, мүфтият бекіткен 5 бағыт негізіндегі жоспар бойынша Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы 2023 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.

Мүфтият жоспары мен өкілдіктің жылдық жоспарын қалтқысыз орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан қала имамдарының еңбегі елеусіз қалмады. Дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Үздік аудан-2023»«Үздік имам-2023» және «Белсенді имам-2023» аталымдары бойынша имамдар марапатталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылы «Ислам және Ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыт бойынша бекітілген іс-шараларды аса белсенділікпен ұйымдастыра білгені үшін

1-орын «Үздік аудан-2023» - Бостандық ауданы;

2-орын «Үздік аудан-2023» - Жетісу ауданы;

3-орын «Үздік аудан-2023» - Алатау ауданы;

4. «Айтулы шаралар бойынша Үздік аудан-2023» - Алмалы ауданы марапатталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылы бекіткен «Ислам және Ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыт: Дін мен Дәстүр, Ізгі қоғам, Ихсан және асихат, Діни оқу-ағарту және Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін «ҮЗДІК ИМАМ – 2023» аталымымен 3 дін қызметкері марапатталып, мүфтияттың «ТAWAF TRAVEL» қажылық компаниясымен Ұмра қажылығы табысталды.

1. «Үздік имам-2023», Ұмра қажылығына жолдама - «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Ержан Базарбекұлы;

2. «Үздік имам-2023», Ұмра қажылығына жолдама - Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Қарашбайұлы;

3. «Үздік имам-2023», Ұмра қажылығына жолдама - Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Баубек Бердіғалиұлы марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылы «Ислам және Ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыт бойынша нәтижелі еңбек еткен дін қызметкерлері «Белсінді имам-2023» аталымы бойынша марапатталды.

1. «Ихсан және насихат» бағыты бойынша «Белсенді имам-2023» - РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы;

2. «Ақпарат және медиа» саласы бойынша «Белсенді имам-2023» - Руслан Қамбар;

3. «Қамқор-шарапат» бағыты бойынша - Мейіржан Рахматуллаұлы;

4. «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша «Белсенді имам-2023» - Әсет Аташев;

5. «Қари дайындау» саласы бойынша «Белсенді имам-2023» - Серікхан Ахмадиев; 

6. «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша «Белсенді имам-2023» - Айбар Асхатбекұлы;

7. «Уақып» бағыты бойынша «Белсенді имам-2023» - Орынбасар Абдуллаұлы;

8: «Қайырымдылық» бағыты бойынша «Белсенді имам-2023» - Айдос Шарапатбекұлы;

9. «Ізгі қоғам» бағыты бойынша «Белсенді имам-2023» - Ердаулет Құдайбергенұлы;

10. «Діни ағарту бағыты» бойынша «Белсенді имам-2023» - Елдос Бақытбекұлы марапатталды.

 

Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Мүфтият» баспасынан шыққан «Пайғамбарымызды танисыз ба?» кітабы барлық имамдарға сыйға тарту етілді.

 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру