«Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешіті ашылды (ФОТО)

06 мамыр 2021 3047 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы аймағына жұмыс сапарында Талғар ауданында орналасқан Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінің ашылуына қатысты.

Бас мүфти жаңа мешіттің лентасын қиып, Алла үйін тұрғызуға себепкер болған барша азаматтарға алғыс айтты.

«Мешіт тұрғызу – сауапты іс. Әсіресе қасиетті Рамазан айында жасалған жақсы істер, сауапты амалдар еселене түседі. Осы мешіттің ашылуына себепкер болған азаматтарға Алла разы болсын! Жаңа мешітімізден жамағат үзілмесін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жаңа мешітке ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ізбасары, мұсылмандардың алғашқы халифасы хазіреті Әбу Бәкір ас-Сыддықтың есімі берілді.

Бас мүфти Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінде жамағатпен бірге намаз оқып, қасиетті айдың нығметтері жайында уағыз-насихат айтты.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру