«Әбу Ханифа» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды (ФОТО)

24 маусым 2020 4518 0
Оқу режимі

«Әбу Ханифа» медресе-колледжі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті. Биыл мемлекеттік емтихан әлемдік COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы жүргізілді.

Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және комиссия мүшелері Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев, Аманқұл ата мешітінің наиб имамы Данабек Оралкенұлы және «Үшқоңыр» медресе-колледжінің әдіскер ұстазы Қуат Қайрат қабылдады.

Комиссия төрағасы Серікбол Аршабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші түлектерге сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Емтихан билет алып және комиссия тарапынан қойылған қосымша сауалдарға ауызша жауап беру түрінде жүргізілді.

Дереккөз: «Әбу Ханифа» медресе-колледжі

Пікірлер Кіру