«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАНЫМ-МӘҢГІ ҚОРҒАНЫМ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ (ФОТО)

27 мамыр 2024 1474 0
Оқу режимі

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Құраным – мәңгі қорғаным» атты дәстүрлі  рухани Құран кеші өтті. Шара барысында мешіт ұстазы Айгерім Қадылдың атсалысуымен Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен 70 әйел шәкірт арнайы сертификатпен марапатталды.

Шәкірттердің құрметіне ақ дастархан жайылып, игі жақсылардың басы қосылған жиында үлкендер ақ батасын беріп жатты. Сондай-ақ мешіт тарапынан дайындалған сый-сияпат тарту етілді.

Шараға қонақ ретінде келген «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекет және республикалық бас мешіттің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы Құран оқудың дініміздегі маңызы мен сауабы жайлы мағыналы насихат айтты. Періштелер білім жолына түскен адамға қанатын жаятынын, көктер мен жердегілер ол үшін дұға жасайтынын айта келе, алған білімі ақыретіне азық болуын тіледі.

Дереккөз: ummet.kz сайты

04790278 a724 4a0e ac6b 00f1f6f128de

cc098dfd 36a5 4d2b 8500 a39bc69fc53e

22783065 6bfb 45fb b32e b60791f804cc

020eb416 3c2b 45ba 8a0b 73d27f39f918

1525220e dce3 4502 9381 d80fdc84af8e

11315e91 3ba2 490d b4d0 dc0c12f1e836

7d7d397f 6959 45a7 b4e3 5c0e6cf4c159

e2ce4a2c dd95 4826 8e79 eef4d6ef5347

525d1c75 36ab 434a 81a7 113ece1d7afa

Пікірлер Кіру