«Адамзаттың ардақтысы» атты мүшайра қорытындысы шықты (ФОТО)

11 желтоқсан 2019 5294 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз туған Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың ардақтысы» атты мүшайраның қорытындысы шықты.

Мүшайраға еліміздің әр аймағынан ақындар өлең жолдады. Сондай-ақ мәнерлеп оқу номинациясы бойынша оқушылар бақ сынады. Мүшәйраға жолданған өлеңдерді «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан, белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтаев, балалар жазушысы, «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан, прозаик, журналист Бақытбек Қадыр, сондай-ақ мешіт имамдар мен қызметкерлері бағалады. Мүшайра қорытындысы төмендегідей.

«Үздік мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

І-орын – Фатима Серікбол

ІІ-орын – Мұхтар Бақытхан, Амира Мұқанғали

ІІІ-орын – Мұқанғали Мәдина, Ислам Бақытхан

Ынталандырулар – Архат Қасымов, Мәриям Мұқанғали

«Үздік Мәуліт жыршысы» номинациясы бойынша:

І-орын – Рауан Қайдар

ІІ-орын –  Мыңжан Байжанин

ІІІ-орын  – Дариға Бақберген

Ынталандырулар – Қуат Қабдолда, Мәулен Әбілқайыр, Бауыржан Құрманқұлов

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде өтеді.

Дереккөз: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер Кіру