Африка құрлығында коронавируске шалдыққандардың саны 170 мыңға жақындады

08 маусым 2020 4171 0
Оқу режимі

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының аймақтық өкілдігінің мәлімдеуінше, Африка құрлығы бойынша коронавируске шалдыққандардың саны 168 464-ке жетіп отыр. Жұқпалы індеттен 4 700 жан көз жұмған көрінеді. Ал, осы уақыт ішінде сырқаттан айыққандардың қатары 73 мыңды құрап отыр.

Коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны төмендегі мемлекеттер арасында қатты байқалуда: ОАР (40 792), Египет (28 615) және Нигерия (11 516). Адам шығыны бойынша да аталған мемлекеттерде үрейлі цифрлар бой көрсеткен: Египет (1088), ОАР (848) және Алжир (681).

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру