«ӘЛ-ФАРАБИ»: «ИМАНИ ЖАЗ-2024» КУРСЫНА 180 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

10 маусым 2024 289 0
Оқу режимі

Оқушылардың жағы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылып келеді.

Жылдағы үрдіс бойынша «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіндегі «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу  курсы өз жұмысын бастады. Жазғы курстың алғашқы күні мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов ата-аналар мен оқушыларға жазғы демалысты пайдалы өткізулерін тілеп, сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып өтті.

10 маусым мен 30 маусым аралығын қамтитын жазғы сауат ашу курсына 10-15 жастағы 180 оқушы қабылданды. Балалар ер және қыз болып жас ерекешеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді. Сауат ашу курсындағы бүлдіршіндерге мешіттің білікті ұстаздарымен қатар «Астана» медресесінің шәкірттері дәріс жүргізетін болады. Сауат ашу курсы таңғы сағат 10:00-12:00 аралығында бір ауысым негізінде өтеді.

Курс аясында оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, алдағы уақытта осы сабақтар негізінде білім алатын болады. Мешіт имамдары мен ұстаздары тәрбие сабақтарына өздері қатысып, балаларға Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, дұрыс тамақтану әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерді жүргізеді. Балалардың имани сабақтарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әр бүлдіршінге күнделікті тәттілер мен сусындар үлестіріледі.

2977742a a39f 49c8 9957 4721bf75244c

33fb6002 a12c 4a72 9754 c8ddc1b35624

88fd699a 61b3 4be2 ae1a 5b8d66a718b9

1509ab5c 5905 4879 9441 4dd400b99de3

41b05afc 5bba 4614 af3c 0b2ccfb20103

fe4a7af3 1949 44fa ae3a f05e80ac8242

d0ab9904 9441 4dad badb 8c109fce5e66

ff2d24c9 78ee 4e51 8d22 0ee979e27308

54376440 9a42 43fc 8d6e d70386f5a2a8

f7a14587 08c6 441f 907e 0f1229a9d040

Пікірлер Кіру