«ӘЛ-ФАРАБИ»: «ИМАНИ ЖАЗ» ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

15 маусым 2024 150 0
Оқу режимі

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде білім алып жатқан «Имани жаз – 2024» сауат ашу курсының оқушылары арасында эстафеталық ойын өткізілді.

Құрбан айт мейрамының қарсаңында өткен спорттық жарыста жазғы курстың қыз балалары өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, төмендегі командалар:

«Румейса» тобы І орын;

«Руфайда» тобы ІІ орын;

«Руқайя» тобы: ІІІ орынмен марапатталды.

Жарыс соңында мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелерінің атсалысуымен барлық оқушыға тәттілер салынған сыйлық қорапшалары тарту етілді. Сондай-ақ, мешіт ұстазы Айгерім Қадыл оқушыларға Құрбан айттың мән-мағынасы мен қадір-қасиеті жайлы көркем насихат айтты. 

058f041e 730d 43ef 8b80 89a0abda4fd6

41310af7 6655 4e7e a8a4 d33fc7150392

«Әл-Фараби»: «Имани жаз» оқушыларымен эстафеталық ойын өткізілді (фото)

ea2c5597 58c7 4d57 ab24 7b321b00a375

Пікірлер Кіру