«Al-Fattah» мешіті көпбалалы 10 отбасыға қой етін таратты

15 ақпан 2024 522 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Al-Fattah» мешіті қасиетті жұма күні қайырымдылық шара өткізді.

Мешіт ұжымы көпбалалы 10 отбасыға қой етін таратып, көмек қолын созды. Жұма күні арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына разылығын білдірген көпбалалы аналар мешіт ұжымына алғыстарын жаудырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ризашылықтарын жеткізді.

 

Пікірлер Кіру