«ӘЛ-ФАТТАХ» МЕШІТІНЕ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

03 наурыз 2023 2686 0
Оқу режимі

Жақында ғана жамағатқа есігін айқара ашқан Астана қаласындағы «Әл-Фаттах» мешіті бүгін жаңа қызметкерлермен толықты. Мешіт бас имамы Бағдат Абдукаримов жұма намазына жиылған жамағат алдында Бас мүфти бұйрығын оқып беріп, «Әл-Фаттах» мешітіне бір наиб имам және екі ұстаз жұмысқа қабылданғанын жеткізді.

Жаңадан ашылған құлшылық ордасының алғашқы жылдардағы жұмысы қиындыққа толы болатынын айтып өткен Бағдат Абдукаримов жаңа қызметкерлерге үлкен жауапкершілік артылғанын жеткізіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Хамзахонов Көпжан «Әл-Фаттах» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалса, Хусайнов Асхат және Дулат Арнабаев ұстаздық қызметке кірісті.

Хамзахонов Көпжан 2014-2017 жылдары «Астана» медресесінде, 2019-2021 жылдары «Нұр Мүбарак» университетінде білім алған. Биылғы жылдан бастап Астанадағы «Төлебай» мешітінде ұстаз қызметін атқарып келген.

Хусаинов Асхат Салимгерұлы 2009-2012 жылдары Бішкек (Қырғызстан) қаласындағы «Абдулла ибн Масғұд» атындағы медресесінде «ұстаз» мамандығы бойынша, 2012-2014 жылдары Карачи (Пәкістан) қаласындағы «Джәмия бин Нория сайт» университетінде «Хадис» мамандығы бойынша, 2014-2015 жылдары Пәкістан Республикасы «Джамия Хуляфа Рошаддин» университетінде «Фиқһ және пәтуа» мамандығы бойынша білім алған. 2013-2014 жылдары «Джәмия бин Нория сайт» университетінде, 2016-2020 жылдары Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде, 2020-2023 жылдары «Әс-Сәләм» мешітінде ұстаз болып қызмет атқарған.

Арнабаев Дулат Үсенұлы 2018-2021 жылдары «Астана» медресесінде білім алған. 2022 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы университетте дінтану мамандығы бойынша білім алуда. 2021 жылдан бастап Астрахань аудандық мешітінде наиб имам және ұстаздық қызмет атқарған.

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру