«ӘЛ-ФӘТТАХ»: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

26 наурыз 2024 411 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Фәттах» мешітінде әлеуметтік қолдау мен көмекке мұқтаж 50 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Көпбалалы аналарға уағыз-насихаттарын айтып, рухани демеу білдіре кеткен мешіт ұжымы күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған арнайы сөмкелерді табыстады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Рамазан-2024» жоспары негізінде «Рамазан қоржыны» секілді қайырымдылық шаралары Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде өтіп келеді.

 

Пікірлер Кіру