«Әл-Хилал» банкінің қызметкерлері діни басқармада болды (ФОТО)

02 қараша 2018 5877 0
Оқу режимі

Бүгін Діни басқарманың Алматыдағы кеңсесінде Әл-Хилал Банкінің қызметкерлерімен арнайы жиналыс өтті. Жиынға «Шариғат және пәтуа» бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет және т.б. ҚМДБ қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Әл-Хилал Банкі Шариғат Кеңесінің үйлестірушісі Мухаммадрузи Шоев мырза Банктың жалпы жұмысымен таныстырып, жылжымайтын мүлікті шариғат талаптарына сай ретке келтірудің жоспарлы жұмыстарымен бөлісті.

Өз кезегінде, ҚМДБ қызметкерлері де пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, еліміздегі ислам қаржы жүйесінің одан әрі дами түсуіне сенім білдірді. Осы бағытта бірлесіп халыққа қызмет етуге дайын екендігін жеткізді.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру