«АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕСІ» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

13 қаңтар 2024 1954 0
Оқу режимі

Бүгін «AQ MESHIT» мешітінде «Алғашқы көмек көрсету ережесі» тақырыбында семинар өтті.

Бас имам Дәурен Мүслимовтың ұйымдастыруымен өткен семинарда  Америкалық кардиологтар ассоциациясының алғашқы көмек көрсету инструкторы Азамат Мақсұтұлы дәріс оқыды.

Азамат Мақсұтұлы қатысушыларға аяқасты тынысы тарылған, талып қалған немесе басқа да оқыс жағдайға ұшыраған адамдарға қалай дұрыс көмек көрсетілуі керектігін көрсетіп, түсіндіріп берді.

Денсаулықты нығмет деп танытқан дініміз «ауру келмей тұрып саулықтың қадірін білуге» шақырады.  Сондықтан Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «О, Алланың құлдары! Емделіңдер, себебі дертті жаратқан Алла оның шипасын да жаратқан. Тек кәріліктің емі жоқ», - дейді. 

Бүгінгі семинардың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қажеті келгенде қол ұшын созып, алғашқы көмек көрсете білу үшін қажетті ақпаратты жамағатқа жеткізу.

Дереккөз: «AQ MESHIT» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру