«АЛЛАҒА БІР ҚАДАМ»: Мешіт шәкірттеріне арналған рухани кеш өтті (ФОТО)

29 желтоқсан 2021 3403 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әйел-Қыздар секторының ұйытқы болуымен «Аллаға бір қадам» атты рухани кеш болып өтті. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің биылғы шәкірттерін ілім жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтап, ілім жолындағы ізденістеріне ұштай түсуге арналған кешке Діни сауат ашу курсының 60-тан астам шәкірті қатысып, рухани тағылым алып қайтты. Сондай-ақ, рухани кеш дастарханына ұстаздар қауымы мен құрметті қонақтар шақырылып, уағыз-насихат айтылып, Құран хатым дұғасы жасалды.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған берекелі кеш барысында ұлттық аспаптарымызға да кезек беріліп, ән мен күйден шашу шашылды. Арнайы сахналық көріністер де қойылып, көрерменнің көңілін босатып, көзіне жас ұялатты. Әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Динара Құтқожақызы шәкірттерге құттықтау лебізін білдіріп, бүгінгі кештің маңыздылығын атап өтті.

Кеш соңында шәкірттерге арнайы сыйлықтар тарту етіліп, алдыңғы толқын апа-әжелері ақ баталарын берді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру