Алматыда бүлдіршіндер арасында IV Құран жарысы өтеді

10 ақпан 2020 6258 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 28 наурыз күні ұл балалар арасында IV бүлдіршіндер Құран жарысы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтеді.  

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Жарысқа қатысушы Қазақстан азаматы болуы;
  • Үміткердің жасы 10-нан аспауы тиіс;
  • Үміткерлер екі бағыт бойынша қатысады:

1 – «Духа» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа білуі (7 жас);

2 – «Нәба» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа білуі (10 жас).

  • Жарысқа қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланады.

Қажетті құжаттар: «Туу туралы куәліктің көшірмесі», «Үміткердің өтініші».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 25 наурызына дейін Ksh_90_kz@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.  
Жарысқа қатысушы барлық бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталады. Ал, арнайы жүлдегерлерге төмендегідей көлемде сыйақы тарту етіледі.

«Нәбә» сүресі мен «Нас» сүресінің аралығы (10 жас)

1-орын (100 000 теңге)
2-орын (75 000 теңге)
3-орын (50 000 теңге)

«Духа» сүресі мен «Нас» сүресінің аралығы (7 жас)

1-орын (75 000 теңге)
2-орын (50 000 теңге)
3-орын (30 000 теңге)

ЫНТАЛАНДЫРУ:

3 қатысушыға (20 000 теңге)

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Балаларына Құран Кәрім үйреткендерге немесе Құран Кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран Кәрімнің әрбір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі кигізіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады», – деп айтқанындай, бүлдіршіндеріміздің жастайынан Құран жаттап, иманды да салиқали, отансүйгіш болып өсуі – біздер үшін абыройлы міндет, зор бақыт.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 985 45 90 – Шоқан Құдайбергенов.

 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру