АЛМАТЫДА «HALAL EXPO-2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

10 тамыз 2023 1539 0
Оқу режимі

15-16 қыркүйек күндері Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2023» жәрмеңкесі өтеді.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! «HALAL EXPO-2023» көрмесінде отандық және шет елдік халал өнімдердің түрлі ассортиментімен танысып, қолжетімді бағада ала аласыздар!

Дәстүрлі халықаралық халал көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Көрмеде мына өнімдер ұсынылады:
Ет өнімдері;
құс өнімдері;
Сүт өнімдері;
Балық өнімдері;
Жартылай дайын өнімдер;
Кондитерлік өнімдер;
Бал өнімдер;
Косметикалар;
Май өнімдері;
Шұжықтар;
БАД;
Тағам қоспалары;
Гигиеналық жуғыш заттар
Фаст-фудтар;
Балмұздақтар;
Сусындар және т.б.

Көрме барысында халықтың көзайымына айналған «Үздік кәсіпорындар» марапатталады.

Халалдың дамуына ат салысайық! Адал астың анық белгісі – «QMDB Halal»!

Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42 «Бақшасарай» қабылдау үйі.

Байланыс үшін:
▪+7 702 273 75 18 (Call-нөмер);
▪+7 7172 999 384 (қала аралық).
▪+7 771 437 05 17 (whatsapp)

Дереккөз: ҚМДБ «Халал Даму» орталығы

Пікірлер Кіру