«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ (ФОТО)

12 маусым 2024 201 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әлжан ана» мешіті «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсына балаларды қабылдап, өз жұмысын бастап кетті.

Мешіт ұстаздары балаларға ҚМДБ тарапынан бекітілген арнайы оқулықтарды таратып, Құран әліппесі, әдеп негіздері, шариғат пен дәстүр құндылықтарын үйретуді бастады.

Айта кетсек, биыл алғаш рет жазғы лагерь шәкірттеріне «Құран әліппесімен» қатар «Muftyat» баспасынан жарық көрген  «Имандылық әліппесі» оқулығы қолданысқа енгізіліп отыр.

12 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру