«AQ MESHIT»: КӨШЕ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА ЫСТЫҚ ТАМАҚ ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

24 қаңтар 2025 970 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінің ұйымдастыруымен «Суық күнде жылу сыйла» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 

Құлшылық үйінің бас имамы Дәурен Мүслімовтің басшылығымен жүзеге асып отырған іс-шараның мақсаты – қақаған аязда қиын жағдайларда еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлеріне көмек көрсету және оларды қолдау.

Акция барысында көше тазалығын қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға арнайы дайындалған ыстық тамақ пен шәй таратылды. Шараға мешіттің белсенді жамағаты мен еріктілер де атсалысты. Қатысушылар аязды күндерде көше тазалау жұмыстарын атқарып жүрген жандардың еңбегі зор екенін атап өтіп, олардың жұмысына ризашылық білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру