«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ (С.Ғ.С.) АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНДЫ (ФОТО)

22 қаңтар 2024 1015 0
Оқу режимі

Қасиетті Ережеп айында «AQ MESHIT» мешітінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атынан нәпіл құрбан шалынды.

Шараға Астана қаласының өкілі, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы, «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслимов және мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенділері қатысты.

Ислам тарихынан әзірет Әлидің (р.а.) өмірден озғанша жылда һәм өзінің, һәм Алла Елшісінің (с.ғ.с.) атынан екі құрбан шалғаны белгілі. Себебін сұраушыларға: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық шалуымды өсиет еткен», - деп жауап берген.

«AQ MESHIT» мешітінің жамағаты осынау игі дәстүрді ұстанып, жылда Алла Елшісінің (с.ғ.с.) атынан құрбан шалып, етін мұқтаж отбасыларға үлестіріп келеді. Биыл да қайырымдылық шарасында 260 кг ет  40 жуык  отбасыға теңдей бөлініп, жанына жеміс-жидек салынған қоржынымен қоса, жалпы  600 мың теңге көлемінде қайырымдылық шарасы  жасалды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатынан үміт етіп, осынау ізгі амалға атсалысқан барлық азаматтардың ниеті қабыл болсын!

Пікірлер Кіру