«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінде «Жат ағым – жарға шығады» тақырыбында жиын өтті.
Жиналысқа ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин және діни оңалту маманы Ислам Маратұлы арнайы қатысып, нақты бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жиналыс барысында діни оңалту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, оңалту жұмыстарының ерекшеліктері, сондай-ақ бүгінгі қоғамда кездесетін теріс діни ағымдардың бағыты мен белгілері жайында кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар, жат ағымнан жапа шеккен азаматтармен жұмыс жүргізу әдістері, теологиялық сұхбат жүргізудің тәсілдері, мешіт қызметкерлерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру мәселелері де талқыланды.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі