«AQ MESHIT» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ ФУТБОЛ ОЙНАДЫ (ФОТО)

26 қаңтар 2024 1001 0
Оқу режимі

«Қуатты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Алла Тағалаға жағымды әрі қайырлы» деп хадисте айтылғандай салауатты өмір салтын ұстану, насихаттау сүннеттің бір көрінісі.

Жамағат арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға атсалысу, өзара бірліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслимов пен мешіт ұстаздары жамағатпен бас қосып, футбол ойнады.

Мешітімізде жамағаттың өзара ауызбіршілігін, ынтымағын арттыру әрі игі істерге жұмылдыру, сондай-ақ жастармен тығыз қарым-қатынаста болу ниетімен спорттық шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Пікірлер Кіру