«Ақмешітте» Рамазан айына арналған семинар өтті (ФОТО)

05 мамыр 2019 9219 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ақмешітте» ұлық айдың қадір-қасиетін түсіндіріп, жамағатты ақпараттық сауаттандыру мақсатында «Рамазан – рухани тазару және дұрыс тамақтану» атты семинар болып өтті.

«Ақмешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов пен белгілі диетолог, тамақтану жөніндегі кеңесші маман Анар Көкеевалар өткізген семинардың жамағат үшін жөні бөлек болды. Қасиетті айдың маңыздылығы жөнінде, оразаның қағидалары мен талаптары турасындағы имам уағызы қатысушыларға Рамазанның рухани пайдасынан хабардар етіп, мол мағлұмат берілді. Диетолог маман Анар Көкееваның дәрісі де қатысушылар үшін тың жайттардың бетін ашып, ауызашар мен сәресі кезінде орын алып жататын кейбір қателіктерден аулақ болуға үйретті.

Семинар соңында жамағат сұрақтарына кезек беріліп, ораа кезінде ем-дом алу мәселелері, сапардағы мұсылманның әрекеттері, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы кеңінен насихат айтылды.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы биыл мамыр айының 6-жұлдызында басталады. Қасиетті Қадір түні 31-мамырдан 1-маусымға қараған күні күтіледі. Ал, ұлық мереке Ораза айт 5-маусымда басталады.

Рамазан жайлы барлық сұрақтарыңызды республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Call орталыққа қоюға болады. Орталық 24 сағат бойы үзіліссіз қызмет жасайды: 8 (7172) 33-30-30.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру