«Ақмешіттегі» акция 60 оқушыны қамтыды (ФОТО+ВИДЕО)

28 тамыз 2019 4885 0
Оқу режимі

Елорда мешіттері арасындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бүгін «Ақмешітте» жалғасты. Ашылғанына аз ғана уақыт болса да, жамағат жүрегінен орын тауып үлгерген құлшылық ордасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы 60 оқушыны қамтыды.

Қайырымдылық шарасына Нұр-Сұлтан өкілдігі атынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қатысып, бүлдіршіндерді білім жолына шығарып салды. Қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелерді арқасына салып тұрып, артылған аманат екенін ескертіп, жақсы оқуға шақырды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру