«АҚМЕШІТТІҢ» АУЛАСЫНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ (ФОТО)

14 мамыр 2024 1398 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Ақмешіт» мешітінің ауласында тазалық жұмыстары атқарылып, құлшылық үйінің маңайына 100-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Бас имам Дәурен Мүсілімовтың басшылығымен өткен сенбілік жұмыстарына мешіт имамдары мен белсенді жамағат атсалысты.   

Тал егіп, табиғатты аялау, мешіт ауласын таза ұстау әрбір мұсылманның парызы. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  көзін көрген Әбу Дәрда (қартайған шағында) Да­маск қаласында жеміс көшетін отырғызып жат­са, оны бiр кiсi көрiп: «(Қартайып қалдыңыз ғой). Мұны не үшін істеп жатсыз?» – деп сұрапты. Сонда Әбу Дәрда оған: «Асықпа, сабыр ет! Бізден бұрын келгендер көшеттер отырғызды, біз оны пайдаландық, жемісін жедік. Ендігі, егу, өсіру кезегі – біздікі. Оны келесі ұрпақ пайдаланады және жемісін жейді. Мен Пай­ғамбары­мыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қандай да бiр мұсылман ағаш отырғызса немесе егiн ексе, ол егiстiктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшiн садақа болып есептеледi» дегенiн естiгем», – деп жауап берді.

2 адам кескіні болуы мүмкін

2 адам, жылыжай және шөп кескіні болуы мүмкін

1 адам, ағаш және шөп кескіні болуы мүмкін

3 адам, жылыжай және шөп кескіні болуы мүмкін

2 адам және ағаш кескіні болуы мүмкін

2 адам, жылыжай және өсінділер кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам және шөп кескіні болуы мүмкін

5 адам, жылыжай, өсінділер және шөп кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру