Ақтөбе: «Нұр Ғасырдағы» студент жастармен жүздесу

29 шілде 2019 4868 0
Оқу режимі

Өткен аптада «Нұр Ғасыр» мешітінде өкіл имам Төлеби Оспан мен облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев шәкірттермен кездесіп, мазмұнды жиын өткізді.

Ақтөбе облысынан Қазақстанның оқу орындарында: «Нұр Мүбәрак» университетінде, Ақтөбе және Астана медреселерінде 1-4 курстарда оқып жатқан шәкірттермен жүздесу барысында көптеген өзекті мәселе қозғалды. Атап айтқанда: жастардың сапалы білім алуы, оқуын жалғастыруы, магистратураға түсуі және т.б. мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Жиында Ә.Жәнібекұлы биыл тұңғыш рет облыстық әкімдіктен бөлінетін мемлекеттік грант жөнінде айтты. «Нұр Мүбәрак» университетінің «исламтану» мамандығы бойынша облыс әкімінің 9 гранты бөлініп отыр. Бұл өңіріміз үшін білікті дін саласы мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Еліміздегі алдыңғы қатарлы теологиялық оқу орнында тегін білім алғысы келетін жас талапкерлердің құжаттарын қабылдау тамыз айының 3 күні басталады. Ал грант ұтып алған үміткерлер болашақта Ақтөбе облысында имам не теолог маманы ретінде қызмет ететін болады.

Өз кезегінде Т.Дәділұлы университеттің ақылы бөлімінде оқитын студенттердің оқуы мен жатақхана ақысының төленуіне мешіт тарапынан көрсетілетін көмекке тоқталды. Бұған дейін де студенттердің біразының оқу ақысын өкілдік төлеп келді. Сондықтан болашақ түлектердің өкілдікпен тығыз байланыста болып, Ақтөбеге қызметке келгені абзал. Бакалавр бітірген шәкірттердің, ең алдымен, қызметке араласып, магистратураға дін саласын түсініп барғаны дұрыс.

Бұдан бөлек, жастардың жазғы демалысын тиімді өткізуі де сөз болды. Мешітте тәжірибесін ұйымдастыру, имамдармен тығыз байланыста болуы талқыланды. Жалпы, курс аралығында студенттерді өкілдік ұсынған мешіттерде практикадан өтуге шақырды. 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру