Ақтөбеде «MUNARA TV» телеарнасының филиалы ашылды (ФОТО)

18 наурыз 2022 2356 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «MUNARA TV» телеарнасының осы өңірдегі филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

«Өздеріңізге белгілі, мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» арнасы бүгінде халыққа рухани телеөнімдерді ұсынып, ғибратты бағдарламаларды көрсетуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Ақтөбе қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл бөлімшеде әзірленген тележобалар халқымыздың рухани өміріне оң ықпал етеді деген сенімдемін», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру