«Ақыл, қайрат білімді тең ұстаған»: Абайдың 175 жылдығына орай 175 сұрақ (ФОТО)

28 ақпан 2020 4197 0
Оқу режимі

Елімізде хакім Абайдың 175 жылдығы кең ауқымды түрде насихатталып әрі аталып өтуде. Бұл игі іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер де өз үлестерін айтарлықтай қосуда.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешіті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты интеллектуалдық сайыс өткізді. ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 шара» жоспары аясында ұйымдастырылған интелектуалдық сайыстың баст ерекшілігі хакім Абайдың 175 жылдығына орай 175 сұрақтан тұратындығында болды. 

Елордамыздағы колледж, университет студенттері мен түрлі саланың мамандары және кәсіпкерлерден құралған 7 топтың білім деңгейі мен біліктіліктерін бағалап, әділ бағасын беру ҚМДБ діни білім және кадр бөлімінің маманы Қожин Жаңабай Маратұлы, «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің наиб имамы Дінмұхаммед Сманов, «Төлебай» мешітінің ұстазы Хасенов Саят Серікұлынан құралған қазылар алқасына жүктелді.

Шара басында сөз алған Дінмұхаммед Сманов биылғы жылы елімізде өте маңызды бірнеше мерейтойлардың қатар келгенін, оның әрбірінің халқымыз арасында кеңінен насихатталуы ұлттық рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда маңызды екенін атап өтті. Соның ішінде хакім Абайдың тұлғасы мен «толық адам» идеясының насихатталуына үлес қосып жатқан «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұжымына, Бас имам Қалижан Заңқоевқа алғысын білдірді және қатысушыларға табыс тіледі.

Хакім Абайдың туған кезеңінен бастап білім ізденген жастық шағы, ел басқарған болыстық кезеңі, отбасы, шығармашылығы түгел дерлік қамтылған сайыста белсенділігімен, білімімен ерекшеленген «Фирдаус» тобы І-орын иегері атанып, жақында ғана жарық көрген Құран тәпсірі кітабына ие болды. Ал, жүлделі ІІ және ІІІ орындарды «Мүбәрак» және «Құрмет» топтары өзара бөлісті.

Сайыс соңында сөз сөйлеген «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің Бас имамы Қалижан Заңқоев төрелік еткен әділқазылар алқасына, бір ай уақыт көлемінде дайындық жасап, айрықша ынта-ықылас көрсеткен қатысушыларға өз ризашылығын білдірді. Сонымен бірге, мұндай шаралардан әрбір қатысушының пайдалы білім алып шығатынын, халықтың бас ақыны Абайды тануда аталмыш шаралардың жиі өтуі маңызды екенін айтып өтті. 

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

1 1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру