«ӘР-РАХМАН» МЕШІТІ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫНА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

13 маусым 2024 161 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әр-Рахман» мешіті «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсына балаларды қабылдап, өз жұмысын бастап кетті.

Мешіт ұстаздары балаларға ҚМДБ тарапынан бекітілген арнайы оқулықтарды таратып, Құран әліппесі, әдеп негіздері, шариғат пен дәстүр құндылықтарын үйретуді бастады.

Айта кетсек, биыл алғаш рет жазғы лагерь шәкірттеріне «Құран әліппесімен» қатар «Muftyat» баспасынан жарық көрген  «Имандылық әліппесі» оқулығы қолданысқа енгізіліп отыр.

Пікірлер Кіру