АСТАНА ІРГЕСІНДЕГІ САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

31 наурыз 2023 1792 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен Астана қаласының іргесіндегі саяжайдың (дача) бірінде 500 тұрғынға ауызашар берілді. Қазан-қазан палау әзірленіп, нан мен қажетті тағамдар таратылды.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысып, Рамазан айында береке тіледі. Сондай-ақ, саяжайдағы қайырымдылық дүкенімен танысып, көмек берілетінін айтты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру