«Астана» медресе-колледжіне қабылдау емтиханы өтті (ВИДЕО+ФОТО)

29 тамыз 2019 6789 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ға қарасты «Астана» медресе-колледжіне 2019-2020 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы өтті.

Үміткерлерден сынақ қабылдауға  ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің басшысы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы, ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Кожин Жаңабай Маратұлы, Астана медресе колледжінің директоры Сматаев Ибраһим Келдібайұлы және бірінші орынбасары Оңғарбаев Қанат Қалымбетұлы қатарлы мамандар қатысты.

Қабылдау комиссиясы үміткерлерді арнайы билет бойынша ауызша сынақтан өткізді. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және арнайы пәндерден емтихан тапсырған үміткерлер ішінен үздік нәтиже көрсеткен 35 шәкірт таңдап алынатын болады.

Тағы бір айта кетерлігі биыл «Астана» медресесінде арнайы қыздар бөлімі ашылған болатын. Аталған бөлімге түсуге ниетті қаракөздеріміз де сынақ тапсырып, білім деңгейлерін көрсетті. Жаңадан ашылған қыздар бөлімі «Әлжан ана» мешітінің жанындағы медресе ғимаратында оқитын болады. 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру