«Астана» медресе-колледжіне жаңа директор тағайындалды (ФОТО)

12 мамыр 2020 4090 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков «Астана» медресе-колледжінде болды.

Смайыл Сейітбеков оқу ордасы ұжымына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Астана» медресе-колледжінің директоры болып тағайындалған Бақтыбай қажы Бейсенбаевты таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков, Нұр-Сұлтан қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов медресе-колледжді аралап, оқу орнының төтенше жағдайдан кейінгі жұмыс барысын талқылады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру