«Астана» медресесіне көлік кілті тапсырылды (ФОТО)

19 ақпан 2020 3949 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Астана» медресесіне көлік сыйлады.

Медресе жұмысын жетілдіру мақсатында сыйланған көліктің кілтін білім ордасының директоры Ибрагим Сматаевқа Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев сәттілік тілеп табыстады.

Бүгінде республика көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресе-колледж шәкірт тәрбиелеп отырғанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру