АСТАНА МЕШІТТЕРІНІҢ БАС ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

30 қыркүйек 2023 1298 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Фараби» мешітінде бүгін «Құмар ойын жарға жығады» атты тәжірибелік семинар өтті. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қткізген семинар жұмысына қаладағы 13 мешіттің бас имамдары қатысып, бірқатар мәселелер бойынша ортақ ой қозғады.

Семинардың бірінші бөлімінде Ерболат Жүсіпов аталмыш тақырып аясында баяндама жасап, қазіргі таңда жастар арасында белең алған құмар ойындар, букмекерлік бәс тігу әрекеттерімен күрес жолдарын айтты.

Сондай-ақ, семинар соңында Астана қаласы өкілдігінің жыл соңына дейінгі жоспары талқыланып, ірі шараларды ұйымдастыру жайы айтылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру