АСТАНА МЕШІТТЕРІНІҢ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ (ФОТО)

27 тамыз 2023 1832 0
Оқу режимі

Жаз айының соңғы жексенбі Астана мешіттерінің жамағаты үшін пайдалы өткендей. Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өткен «Теңбіл доп» футбол турниріне қатысып, салауатты өмір салтын ұлықтаған жамағат жарыс үстінде бір-бірімен жақын танысып, бауырмал қатынас орнатты.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов айтулы шараға арнайы қатысып, жүзден жүйрік шыққан командаларға жеңіс кубогын сыйлады. Бүгінгі шараға атсалысқан барша қатысушыларға ізігі тілегін жеткізіп, Діндерді зерттеу орталығы қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру