«Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыру тапсырылды (ФОТО)

04 ақпан 2019 7128 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиналыс барысында «Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыру жұмыстары тапсырылды.

Осы апта ішінде Астана қаласында ауа-райы күрт суытып, термометр тілшігі тым төмендеп кететіні белгілі болып отыр. Алдын ала дабыл қаққан ауа райын зерттеушілері бұл күндері аса мұқият болуды ескертуде.

Табиғаттың бұл тосын мінезіне орай наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана – мейірімді қала» жобасын жандандыра түсуді нақтылады. Қала мешіттерінің ұйымдастыруымен бұл күндері тегін такси қызметін орайластырып, шаһар көшелеріндегі қоғамдық жұмысшыларға ыстық тағам тарату жұмыстары жоспарланды.

Айта кетейік, Астана қаласы өкілдігінің бастамасымен іске қосылған «Астана – мейірімді қала» жобасы бұған дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылған болатын. Жамағатты жұмылдыру арқасында аязды күндері тегін такси қызметі қосылып, мешіт қызметкерлері көше аралап, жұмысшыларға ыстық тамақ таратқан болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру