АСТАНА ӨКІЛДІГІ 1200 ОҚУШЫНЫ МЕКТЕПКЕ ӘЗІРЛЕДІ (ФОТО)

29 тамыз 2023 1605 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол – 2023» қайырымдылық жобасы аясында 1200 оқушыға қуаныш сыйлаған шара өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиевтер қатысып, білім жолындағы бүлдіршіндерге ізгі тілектерін білдірді.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бүгінгі шараның маңыздылығын айта келіп, қаладағы мешіттер бойынша таратылу тәртібін де түсіндіре кетті. Айта кетейік, қайырымдылық акциясы аясында қаладағы мұқтаж отбасылардағы оқушыларға қажетті оқу құралдары және мектеп сөмкелері жергілікті мешіттерде таратылатын болады.

Шара соңында наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы оқушыларға ақ батасын беріп, білім жолындағы ізденістеріне береке тіледі.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру