АСТАНА ӨКІЛДІГІ АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ХАНШАТЫРДА» ШАРА ӨТКІЗДІ (ФОТО)

22 сәуір 2023 1784 0
Оқу режимі

Исі мұсылман қауымы үшін қадірі ерекше болған Ораза айт мерекесіне орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен «Ханшатыр» ойын-сауық және сауда орталығында мерекелік шара өтті. Орталық келушілерін қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Шара аясында орталық келушілеріне белгілі әнші Ибрагим Ескендір, «Астана» тобы әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, Астана өкілдігінің ұйытқы болуымен жамағатқа айт мерекесіне орай ұлттық тағамдар мен тәттілер, арнайы дұға парақшалары таратылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру