АСТАНА ӨКІЛДІГІ ЗАҒИП ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАН ТАРАТТЫ (ФОТО)

01 тамыз 2023 1941 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі тамыз айын тағы бір ерекше семинармен бастады. «Мүмкіндігі шектеулі жандарды насихаттау мүмкіндіктері» тақырыбы аясында өткен жиынға қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері қатысып, сауапты шара атқарды.

Сауапты дейтін себебіміз, семинар аясында Астана өкілдігінің ұйытқы болуымен Елордадағы зағип жандарға Брайль жүйесімен (парақты тесу арқылы) бастырылған Құран кітабы табысталды.

Семинарға арнайы шақырылған Зағиптар орталығының директоры, Құран сабағының ұстазы Бақытжамал Кәрібайқызы шәкірттері атынан өкілдік қызметкерлеріне алғыс білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Айта кетейік, зағип жандарға арналған бұл Құран кітабы Серік Қанатұлы есімді марқұм бауырымыздың ұйытқы болуымен жарық көрген болатын. Семинар соңында марқұмның рухына Құран оқылып, дұға бағышталды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру