АСТАНА ӨКІЛДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНА ҚҰРАН СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

29 ақпан 2024 618 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері наиб имам Олжас Исмайылов пен ұстаз Іляс Отаров Астана қаласының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасын зиярат етті.

Сол жердегі ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың басын қосып арнайы семинар өткізген дін қызметкерлері өзара сұхбат құрып, көркем уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Және брайль қарпімен жазылған 8 томдық Құран Кәрімді кітапхана қорына табыстады.

Одан бөлек орталықтың ішкі жұмыстарын тамашалап, қажетті материалдарды брайль жүйесі бойынша басып шығаратын техникалық жабдықтармен танысты.

Басқосу соңында қариялар ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын айтып жатты.

Пікірлер Кіру