АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ БРАЙЛЬ ЖҮЙЕСІМЕН ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ (ФОТО)
30 қазан 2024
694
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында «Әзірет Сұлтан» мешіті көру қабілетінен айырылған жандар үшін брайль жүйесімен оқыту әдістеріне сәйкес дін насихатын жүргізіп келеді.
Осыған сәйкес, «Брайль шрифті», «Сурдо-аударма» атты арнайы кітапшалар дайындалып, көру және есту қабілеті нашар жандардың игілігі үшін табысталды.
Сондай-ақ, жамағат алдында және мешіттің лэд экрандарында арнайы Сурдо-аударма мамандары шақырылып, жұма уағыздарын есту қабілеті жоқ жандар үшін тәржімалауда.
Пікірлер
Кіру