АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ ЖАРАПАЗАН АЙТУ ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ КӨШІН ЖАЛҒАДЫ (ФОТО)  

27 наурыз 2024 678 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аясында жыл сайын өкілдіктер арасында өтетін жарапазан айту эстафетасы биыл да қызу жалғасып, Астана қаласы өкілдігі игі дәстүрдің көшін Сарыарқа төрінде жалғады.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған имам, ұстаздар, өнер жұлдыздары, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, өздерінің бата-тілектерін арнады. Ары қарай Елордада орналасқан сауда үйлері мен жамағат көп шоғырланған жерлерде жарапазан жырын айтып, халықты қасиетті аймен сүйіншіледі.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы өзінің алғы сөзінде: «Қадірменді қазақ елі! Өздеріңізге белгілі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті Рамазан айы кіріп келгенде «Үмметім, сіздерге құтты, берекелі ай кіріп келді», деп сүйіншілейтін болған. Діні мен дәстүріне бекем болған біздің бабаларымыз пайғамбардың осы сүйіншісін елге жарапазан жыры арқылы жеткізіп отырған. Біз, Астана қаласы өкілдігі осы эстафетаны Ақтөбе өкілдігінен қабыл аламыз. Игі дәстүрдің көші бүгін Сарыарқа төрінде жалғасады!», деп атап өтті.

Суреттерді сайтымыздың «Фотогалерея» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру