АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

23 қараша 2026 134 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі жүзеге асырып жатқан «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында елордадағы «Ана мен бала» орталығына арнайы барып, қайырымдылық көмегін табыстады.

Іс-шара барысында орталыққа балаларға қажетті тұрмыстық бұйымдар мен құрал-жабдықтар берілді. Бас имам игі істің маңыздылығына тоқталып, орталықтың жұмысына алғыс білдіріп, науқас балалардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне жауапты еңбектері үшін ризашылығын жеткізіп, баршаға амандық пен саулық тіледі.

Айта кетейік, Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы 2007 жылы ашылған. Мұнда жаңа туған нәрестелерден бастап 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және әйелдердің репродуктивтік денсаулығына қатысты түрлі бағытта жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Орталықта балалар хирургиясы, онкогематология, неврология және басқа да медициналық бағыттар бойынша ем жүргізіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру