АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ШӘКІРТТЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН КӨМЕК ЖАСАДЫ (ФОТО)

23 қаңтар 2024 836 0
Оқу режимі

 Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының тапсырмасымен «Уақып» қорының Астана қалалық филиалы «Хусамуддин Ас-Сығанақи» атындағы  Ислам институтінде оқып жатқан шәкірттердің қажетіне арнап күнделікті тұтынатын азық-түлікпен қоса бірнеше қорап құрма жеткізіп берді.

«Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы бұл институт ҚМДБ-ның  бастамасымен дін қызметшілеріне, имамдарға терең білім беру, классикалық еңбектерді оқыту,   жастардың өз елімізде діни білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасау мақсатында 2022 жылдың тамыз айында ашылған.

Мұнда жыл сайын 50-ге жуық дін қызметкерлері қабылданып екі жыл бойы білімін жетілдіреді.

 

Пікірлер Кіру