АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ
Рухани келісім күніне орай Астанада көрнекті композитор, Қазақстанның мәдениетіне елеулі үлес қосқан Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтті.
Іс-шара Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің атынан дін қызметкерлері Хамит Мырзагелдиев пен Яхия қажы Исмаилов, Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысты.
Кездесу қарсаңында «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының директоры мен елордадағы діни бірлестіктердің өкілдері композитор Төлеген Мұхамеджановпен жүздесті. Басқосуда рухани құндылықтар, мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны, бейбітшілік пен келісімді нығайту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Рухани келісім күні 1992 жылы Алматыда өткен Бірінші Дүниежүзілік Рухани келісім конгресінің бастамасымен белгіленген. Бұл күн қоғамдағы татулықты, өзара құрмет пен дінаралық келісімді дәріптейді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі