АСТАНАДА ДІНИ ОҢАЛТУ БӨЛІМІНЕ ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

06 қыркүйек 2024 729 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елордадағы діни оңалту бөліміне жауапты мамандардың есеп беру жиыны өтті.

Шараға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы және өкілдіктің дін қызметкерлері қатысты.

Жиында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы жат ағымның қоғамға тигізер зардаптары жайында айта келе, адасушылықпен күресу бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері қатарында екенін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ, діни оңалту саласына жауапты мамандардың біліктілігін арттыру, теріс ағым мүшелерінің  ұстаздарының сенімдегі қателіктері және дестуркивті ағымдағы адамдарды қалай қайтару жолдары теологиялық негіздерімен түсіндірілді. Және де түзеу мекемелерінде өтіп жатқан үгіт-насихат жұмыстары, дұрыс сенімге бет бұрып, райларынан қайтқан адасқан топ өкілдері жайында айтылып, нәтижелі жұмыстардың түйіні тарқатылды.

Пікірлер Кіру