АСТАНАДА МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІМЕН БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

17 қараша 2026 110 0
Оқу режимі

Астанадағы «Al Fattah» мешітінде мешіт шәкірттері «Мыңнан тұлпар» білім сайысында ислам негіздерінен алған білімін сынға салды.

Сайыс шәкірттерге мешіттегі сабақтарда меңгерген діни білімін ортаға салуға мүмкіндік берді. Қатысушылар ислам негіздері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз біліктілігін көрсетті.

Іс-шараға Діни білім және кадр дайындау бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, ақшалай сыйлық тапсырылды. Діни оқу-ағарту бағыты бойынша ұйымдастырылған аталмыш іс-шара жас шәкірттердің білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру